Жануарлар • 14 Қазан, 2024

Сирек кездесетін аң фототұзаққа ілінді

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сирек кездесетін аң фототұзаққа ілінді

Фото: instagram.com/acbk.kz

Қарағанды облысына қарасты Шет және Ақтоғай аудандарының тауларында сирек кездесетін жабайы сабаншы фототұзаққа түсіп қалған.

2023 жылдың күзінен бастап аймақта 19 фототұзақ орнатылған, бірақ жыл ішінде сабаншы екеуінде ғана байқалған.

АСБК ғылыми қызметкері Илья Смелянскийдің айтуынша, сабаншылардың екі фототұзақта ғана көрінуі таңғаларлық емес, себебі тұзақтар осы жабайы сабаншының Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларындағы таралу шекараларын анықтау мақсатында арнайы орналастырылған. Фототұзақтардың көбі оның тұрақты мекендейтін аумағынан тыс орналасқан, аймақ сабаншыға қолайсыз болуы мүмкін, себебі қыста мұнда қар мөлшері өте көп.

Келесі жылы сабаншы және басқа сирек кездесетін жануарлардың таралуын әрі қарай бақылау үшін Қарағанды облысының аумағына 27 фототұзақ орнатылды.