«Таза Қазақстан» • 15 Қазан, 2024

Жақсылық жаршысы

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ұйытқы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында елді мекендердің, ормандардың, саябақтар мен скверлердің аумағын тазарту жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Жақсылық жаршысы

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің аумағында «Таза Қазақстанмен біргеміз» жастар экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараны облыстық жас­тар ресурстық орталығының өкілдері ұйымдастырды. Акцияға колледж студент­­тері, еріктілер, жұмысшы жастар қатысты.

«Табиғатты қорғау өте маңызды, өйткені ол – ортақ байлығымыз. Әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғауға үлесімізді қосуымыз керек. Өз басым қаламызда өтіп жатқан барлық экологиялық акцияға үз­бей қатысуға тырысамын. Еліміздегі эко­логиялық қоз­ғалыс дамып, әрі қарай нығая түсетініне кәміл сенемін. Табиғатты қорғаудың маңыздылығын көп жастар жақсы түсініп келеді. Осындай акцияларды бірге ұйымдастырып, экологиялық мәселелерді жиі көтеріп отырсақ, елімізді таза әрі жасыл ел ете аламыз», дейді «Жастар Ассамб­­лея­сы» бірлестінің СҚОФ басшысы Дариға Смайылова.

Жастардың «Birgemiz» волонтер­лік фронт-кеңсесі табиғи ресурс­тар және табиғатты пайдалануды рет­теу бас­қар­ма­сымен бірлесіп, Мещан орманы­ның аума­ғында спорттық-эко­ло­гиялық марафон өткізді. Бұл орманға ертеректе қала­лықтар демалыс алып, таза ауамен ты­ныстау мақсатында келіп тұрады екен. Ол кезде орман қаланың орталығынан 10 шақырымдай жерде. Оған ұлт ақыны Мағжан Жұмабаев та жарымен келіп, дос­тарымен дидарласатыны жөнінде оның немере інісі Ғаділша Қаһарманов өзінің «Жәжеке» деген кітабында жазған. Қазір орман қаланың аумағына кірген. Біраз жері оталып қалғанымен, негізгі сұлбасы сақталған. Осы ормандағы «Таза орман» атты экологиялық акциясы аясында қоқыс жинау жарысына жұмысшылар, студенттер, сондай-ақ еріктілер бар, барлығы 80-дей адам қатысты. Марафон тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Акция 40 минуттық қоқыс жинау марафоны түрінде өтті. Жеңімпаздар диплом­дар мен сыйлықтарға ие болды.

Акция басталғаннан бері аумақ­тар­ды тазартуға 152,2 мыңға жуық жастар жұмыл­ды­рыл­ған. Есіл өзені жағалауы күл-қоқыстан тазартылды. Барлығы 211 сквер мен саябақ абаттандырылып, 150,6 мың тонна қоқыс шығарылды, 32,5 мыңнан астам ағаш, 3,2 мыңнан астам көшет отырғызылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы