Фото: ult.kz
Ведомствоның хабарлауынша, олар барлығы 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Осылайша, жергілікті бюджетке 315 миллион теңгеден артық қаржы түспегені анықталған.
Күдіктілер, яғни мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары қамауға алынып, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. Күдіктілердің 42 миллион теңге мүлкі тәркіленген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.