Фото: Видеоскрин
Жедел құтқару жасағының мамандары арнайы сынақ тапсырып, қызметтік иттердің іс-әрекеттері пысықталды. Құтқару қызметіндегі иттердің тіл алуы, шапшаңдығы тексерілді. Сондай-ақ кинологтар табиғи ортада және қираған ғимараттарда іздестіру жұмыстарын жүргізуден сынақ тапсырды.
«Түркиядағы жер сілкінісі кезінде дәл осы Рига есімді итіммен құтқару жұмыстарына қатыстық. Газиантеп қаласында бұл ит апат кезінде үйінді астында тірі қалған үш адамды тауып, оларды аман-есен алып шықтық. Бір отбасының мүшелері екен. Жалпы техногендік апат аймақтарында кинолог-құтқарушылардың қызметі өте маңызды. Сондықтан иттердің іздеу қабілетін шыңдап, соған үйретеміз», дейді кинолог Дамир Гизатуллин.