Фото: gov.kz
Облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин жергілікті шаруа қожалықтарының жетістіктері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте айтты.
«9 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндірісі ұлғайды. Нақты көлем индексі 116,7 % құрады. Астық өнімі бойынша ең жоғары көрсеткішке Абай, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров аудандарының шаруашылықтары қол жеткізді», деді С.Мусин.
Брифингте ауыл шаруашылығы басшылары өз жетістіктері туралы айтып берді.
«Шаруашылығымыз құрылғалы алғаш рет біз 65 мың тоннадан астам дәнді дақылдар, мың тонна майлы дақылдар, 27 мың тонна картоп жинадық. Егер шаруашылығымыз тыңайған жерлерді игерген кезден бастап дәнді дақылдармен айналысып келе жатқан болса, картоп өсіруді тек 9-шы жыл игеріп келеміз. Бұл біздің барлық білімдері мен дағдыларын осы нәтижелерге қол жеткізуге жұмсаған фермерлеріміздің үлкен еңбегі. Республика көлемінде өте жақсы өнім алдық, үшінші класс астығымыз 40%-дан асады», дейді Нұра ауданының «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп.
Жергілікті фермерлердің айтуынша, жыл ерекше болды. Жауын-шашын мен дәнді дақылдардың аурулары егін өсіруге кедергі келтіргеніне қарамастан, ауыл тұрғындарының еңбегі мен мемлекеттің көмегі жақсы нәтижеге әкелді.