Іс-шараның мақсаты – еріктілерге арналған тиімді оқу бағдарламаларын әзірлейтін және өткізе алатын білікті тренерлерді даярлау.
Тренинг барысында тренерліктің негіздері, тренердің негізгі дағдыларын дамыту, тиімділігін арттыру және сабақ сценарийлерін әзірлеу, құзыреттілікті пысықтау, супервизия және жеке кеңес беру тақырыптары қамтылады.
Айта кетейік, іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 40-тан астам белсенді ерікті қатысып жатыр.