Аймақтар • 17 Қазан, 2024

Тыйым салынған діни ақпарат таратқан 37 атыраулық жауапқа тартылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 2000-нан астам азаматты оңалту үшін тиісті жұмыстар жүргізілген. Бұл туралы Атырау облысы Дін істер басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Тыйым салынған діни ақпарат таратқан 37 атыраулық жауапқа тартылды

Фото: kazaknews.kz

Оңалту жұмыстарын жүргізу барысында теріс діни сенімдегі 88 адам райынан қайтқан. 

«Бір тұлғаның көзқарасын өзгерту үшін кемінде 1 жыл уақыт кетеді. Дін саласының арнайы мамандары тұрақты түрде түсіндіру және оңалту жұмыстарына көңіл бөліп отырады» деді Қаһарман Рахметұлы.

Ал теріс ағымдағы діни ақпарат таратқан 37 облыс тұрғыны айыппұл арқалаған. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзып, теріс діни ақпаратты таратып, жариялаған азаматтарға 490-бапқа сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Бүгінде 37 тұрғын елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге міндеттелді.