Кәсіпкер • 18 Қазан, 2024

Косметика нарығының мүмкіндігі

220 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Осыдан 5 жыл бұрын белгілі кәсіпкер, косметика индустриясы маманы Гүлшаш Әубәкірқызы Алматыда тұңғыш рет отандық «AG cosmetics» өнімдерін таныстырды. Бұл өнімдердің басты ерекшелігі – тек табиғи қоспалардан тұрады. Бастапқыда 12 түрлі косметикалық өнім шығарса, қазір оның саны 15-тен асты.

Косметика нарығының мүмкіндігі

Ұлттық статистика бюро­сы де­регін­ше, 2023 жылы елге 6,1 тон­на космети­ка өнімі жеткізіл­ген. Нарықтың бұл сег­ментінде Қытай, Испания, Франция­дан кел­ген өнімдердің бәсі басым. Гүл­шаш­тың айтуынша, нарық­тың осы сегментіндегі өнім­нің сапа­сы жоғары, сақтау мер­зімі шек­теулі, құрамы бақы­лауға алын­ған. Құра­мы тұтыну­шы­­лар­дың жас ерекшелігі мен тал­­ға­­мына қарай жетілдіріліп отырады.

Алғашқы жылдары Шым­кент­тегі кәсіпорындардың бірі­нің кішкентай бұрышын жал­ға алып, бизнесін бастаған. Шикі­зат импорттайды. Кейін дайын өнімдерді құтыға құятын қо­сым­ша жүйе ашты. 2020-2021 жылдары сәл саябырсып қалған бизнеске 2022 жылдан бастап қайта қан жүгірді. Енді Алматыдағы индустриялық аймақтан кеңсе алып, өндірістің екінші желісін іске қосуды жоспарлап жүр. Мұнда «AG cosmetics» крем­дерінің құтысы дайындалады.

Кейіпкеріміздің сөзінше, на­рықтың талғамы бренд өнім­дерге басымдық беріп тұр. Әйгілі компаниялар жыл са­йын мил­лиардтаған долларды тек жар­намаға жұмсайды. 1909 жылы жартығасырлық тарихы бар «L’Oréal» сұлулық саласында зерт­теулер жүр­гізіп, жаңа­лықтар аш­ты. 1909 жылы Эжен Шуэллер негі­зін қал­ған шағын компания 125 жыл әлемдегі ең ірі косметика өнім­дерін шығаратын топқа айналды.

«Косметика нарығында отандық өнім өндіруші­лер­дің үлесі аз. Себебі бір өнімді айна­лымға шығару үшін косме­тика медицинасынан бас­тап тех­нологтеріне дейін тұтас ко­манда жұмыс істейді. Олар­дың бірі өнімнің теріге әсерін зерттесе, екіншісі нарық көзін іздейді. Ғасырлық тарихы бар кос­метикалық өнімдердің бастап­қы құрамы 100 пайыз өзгерсе де әу бастағы атауын сақтап қалады. Себебі әлем тауардың сапасына емес, бренд атауына назар аударады», дейді Гүлшаш.

Айтуынша, жасөспірімдер ғана емес, орта, аға буын арасында онкологиялық тері дертінің асқынып кетуіне меди­циналық сараптамадан өтпеген дүниелер әсер етіп жатыр.

«Бізге косметикалық сауат­тылық деңгейін көтере­тін кез келді. Әр ата-ана балаларына сапалы өнімдер қолдануды жас күнінен қалыптастыру керек. Құны арзан кремдердің құрамына ешкім кепілдік бере алмайды», дейді.

«Косметика индустрия­сын дамыту – адамгершілік құндылықтардың қалай өз­гер­генінің көрінісі. Қытай ғалам­дары гармондардың орнын алмастыруға бағыт­талған санғасырлық терапиясын медицина ғылымы енді қолдана бас­тады. Қазір­гі заманғы ғылыми тәсілді қалыптастырғаннан кейін де, ғалымдар көне Мысыр мен басқа да ежелгі өркениет­терден келген косметика жасау рецептілеріне жиі жүгіне­ді. Айта кету керек, қазіргі бренд өнімдердің түпнұсқасы орта ғасырлардағы тәжі­рибелерден нәр алып жатыр. Біздің аналарымыз денесін бие сүтімен әрлендірген. Қазір бет күтіміне арналған кремдердің құрамында бие сүті элементтері бар», дейді кейіпкеріміз.

Ел ішінде ботокс, пласти­калық отаның құрбанына айналған замандастарымыз жайлы да аз айтылып жүрген жоқ.

«Сән әлемі индустриясы өкілі ретінде табиғи сұлу­лықты қалаймын. Адам­ның жаратылысы табиғат тәрізді көктем, жаз, күз, қыстан тұрады. Әр жастың өз сұлулығы бар. Тіпті бесіктегі сәбиге де күтім керек. Бет күтімі – ағзадағы өзгерістердің барометрі. Әр әжім – адам ағзасының барометрі. Дені саудың жаны сау деп бекер айтпаған. Қазір косметикалық медицина ботокс пен пласти­калық операцияға емес, әдемі қар­таюға мүмкіндік беретін дәру­мендердің көзін іздеп жатыр», дейді.

Оның ендігі арманы – замандастарымызға қажет­ті опа-далаптарды барын­ша оңтайландыру. Адамдар күндізгі уақытта барынша жеңіл, сұйық крем, ал түнгі уақытта майлы, ауыр жағылатын кремге ба­сым­дық береді. Гүлшаштың айтуынша, кремнің құрамы оның жеңіл-ауырлығына емес, шикізатына байланысты. Егер шикізат құрамына күндіз немесе түнгі емес, жылдың төрт мезгілінде де бірдей әсер ететін қоспа қосылса, бұл мәселе шешіледі.

«Косметика нарығы­ның на­ны – шикізат. Қазір Жа­по­ния немесе Оңтүстік Корея­ның косметикалық медицинасы осы мәселені зерттеп, өндіріске қос­ты. Айналымға шықса, ин­дуст­рияға серпіліс әкелетіні сөзсіз. Бірақ әзірге олар шикізат құрамын ашу­ға дайын емес. Жапония­да тағылымдамадан өтіп, жаңалығын елге алып келгім келеді. Сұлулық әлемін плас­ти­калық ота немесе ботокске деген тәуелділіктен құтқа­рып, әдемі қартаюға мүм­кіндік беретін кремдермен толықтырғым келеді», дейді Гүлшаш.

«AG cosmetics» өнімдері сырттан келген арзан тауарлармен баға жағынан бәсекеге түсе алмайды. Бірақ сұраныс бар.

«Қара базарларда сатылмаса да еліміздегі, Қыр­ғыз­стандағы сән салон­дары­­нан тапсырыс аламын. Сұлулығының құнын біле­тіндер тапсырыспен алдырады. Нарықтағы орнымды сақтап қалу үшін кей кезде ба­ға жағынан шегініс жасауға тура келеді. Тәуелсіздік тарихын­да «AG cosmetics» өнімдері арқылы өз атыммен қалғым келеді, әулетіміздің бизнес тарихында бұл бағыт үзіліп қалмаса екен деймін», дейді Гүлшаш Әубәкір.

 

АЛМАТЫ