29 Сәуір, 2015

Бүгінгі күн – ұлы күн

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
маржан ершу Елге ерік біткені, Жерге көрік біткені. Астананың ақ шамы, Жұлдыз сынды көктегі. Аман болсын өр үнің, Астана – арман төр бүгін. Төрткүл дүние таныды Елбасының ерлігін. Астананың шамдары, Жарық, нұрлы, жылы тым. Бабалардың арманы Бүгінгі күн – ұлы күн. Аспаннан жерге түстің бе, Тұрғызып жерге мұнара. Арғымақ аттың үстінде Елін бастап тұр Аға! Жарқырап жазық маңдайың, Әдемі мынау келісім. Жылдарың сенің әрдайым Ойлаумен етті ел ішін. Ірілік бар-ау тұлғаңда, Жарасар саған ер жасы. Еңселі өзің тұрғанда Иілмек емес ер басы. Ешкімнің жоқ қой таласы, Жүректің лаулар жалыны. Аспан мен Жердің арасы Қазақтың елін таныды. Заманда мынау қым-қуыт, Бабалар рухы жебесін. Беліңді күнде мың буып, Жеңіске бастап келесің. Салтанат құрды салтымыз, Ақындар арнар жыр-ода! Қолдады Сізді халқыңыз, Құттықтаймыз, Нұр аға! Еліңді көкке шығардың, Жұртыңның болды дегені. Қанатында қыранның Қазақстан ұшып келеді! Маржан ЕРШУ, ақын.