Пікір • 22 Қазан, 2024

Бәрімізге ортақ қуаныш

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқтырма су қоймасының үстін қақ жарып өтетін көпірдің қолдануға берілгенін естіп, қуаныштан көзімізге еріксіз жас келді.

Бәрімізге ортақ қуаныш

Олай дейтінім, талай жыл бойы, тіпті ғасыр десек те артық емес, Ақ Ертіс бөліп тұрған екі елдің арасын жалғайтын көпір болмай, салмен өтіп, адам мен малымыздың шығынға ұшырағаны белгілі. Тіпті алысқа бармай-ақ, кеше ғана өзіміз де қызыл суды қызыл асықтан кешіп өттік, қанша жүк тиеген машинаның, қанша жерлестеріміздің көз алдымызда суға кеткені­нің куәсі болдық. Жергілікті жұрттың жанайқайы ел бас­қарған азаматтар­дың құ­лағына жеткеніне қуа­­ныш­тымыз. Қуаныш ұзағынан сүйіндірсін!

Көпір салынған жер ел аузында «Барақ өткел» атанып кеткен еді. Су тасымай тұрғанда бұл жерде Қамысты деген ауыл болған. Ол  жерге Ақ Ертіс арқылы келген жүк пароходтары тоқтайтын. Өлкетанушы ретінде бұл жерге талай келіп, көнекөз қариялардан тарихын жазып алғанмын. Кезінде аталған көпірді «Барақ өткел» атайық деген ұсыныс айтып, баспасөзде бірнеше рет мақала жазып едім, сол тарихи атау­ды жаңғыртсақ деймін. Осы көпірден өткен адамдар өз тарихын біліп, аман-есен өтуін тілеп, аталарымыз айтып кеткен «есіңе сақ­та өткенді, жүруің үшін жығыл­май» дегенді жадында сақ­таса құба-құп болар еді. 

 

Шекербану РАХМЕТОЛДАҚЫЗЫ,

өлкетанушы

 

Алматы