Аймақтар • 25 Қазан, 2024

Үш мыңнан аса қарағандылық әнұран шырқады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық мереке - Республика күніне орай Қарағанды қаласының Тутұғыр алаңында «Қыран елім — Қазақстан» атты патриоттық акция өтті. Үш мыңнан аса қарағандылық мемлекеттік әнұранымызды асқақтата шырқады, деп жазады Egemen.kz.

Үш мыңнан аса қарағандылық әнұран шырқады

Фото: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Салтанатты іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, жиылған жұртты айтулы мейраммен құттықтады.

«Қымбатты қауым, қадірлі жерлестер! Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын. Бұл еліміздің бірегей ұлттық мейрамы. Тәуелсіздіктің бастауы. Егемендік жылдарындағы талай қиындықты бірге еңсердік. Біз бірлігі бекем әділетті Қазақстанды бірге құрамыз. Елге жанашыр әр саналы азамат өз үлесін қосу керек. Ортақ мақсат, бір мүддеге сай әрекет етсек, республикамыздың келешегі кемел, болашағы жарқын. Қазақстанның көк туы биікте желбіреп, әнұранымыз жер-жерде шырқалып жатыр. Бұл ата баба аңсап өткен егемендіктің арқасы. Ендеше егемендігіміздің қадірін түсініп, тәуелсіздікті нығайтуға атсалысайық», деді аймақ басшысы.

Акцияға мұнымен қоса депутаттар, спортшылар, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.
Мұндай елдің рухын көтеретін іс-шара облыстың барлық қала, аудандарында өтіп жатқанын айта кеткеніміз жөн.

сс

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15