Әскер • 26 Қазан, 2024

Болашақ сарбаздар қандай сараптама тапсыруға міндетті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі мерзімді әскерге шақырылушыларды тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болашақ сарбаздар қандай сараптама тапсыруға міндетті

Осылайша олар эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі.

- Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі, – делінген министрлік хабарламасында.

Әскерге баратындарға келесі міндетті тексерулер жүргізіледі:

  • жалпы қан талдауы;
  • несеп талдауы;
  • кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі;
  • электрокардиографиялық зерттеулер;
  • микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау;
  • бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі;
  • бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі;
  • АИТВ инфекциясына қан талдауы.