Оқиға • Бүгін, 13:00

Хэллоуинға дайындалған дәмхана иесіне айыппұл салынды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі дәмхананың есік алдындағы ағашта қара полиэтилен пакетке оралып, адам денесіне ұқсас асылып тұрған белгісіз зат қала тұрғындарының зәресін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хэллоуинға дайындалған дәмхана иесіне айыппұл салынды

Фото: iStock

Анықталғандай, бұл дәмхана қожайынының Хэллоуин мерекесіне дайындығы болып шықты. Бірақ қала тұрғындарына мұндай декор ұнамады.

Әлеуметтік желіде тез тараған бұл сурет полицияның да назарына ілінді. Арандатушылық әрекеті үшін мекеме иесіне айыппұл салынды.

Дәмхана «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін» 30 АЕК (111 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Қала тұрғындарын шошытқан бұл муляж орнынан алынып тасталды.