Фото: Oqu-agartu ministrligi
Қостанай облысының Рудный қаласы мен Әулиекөл, Мичурино ауылдарында үш балабақша ашылды. Енді 600-ге жуық мектеп жасына дейінгі балалар заманауи әрі жайлы балабақшаларға барады.
Түркістан облысында 2 жаңа мектеп ашылды: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынған 2000 мың оқушыға арналған мектеп және 600 орындық №35 білім беру нысаны.
Ақмола облысында 280 орындық балабақша ашылса, Ақтөбе облысының орталығында және Мұғалжар, Ырғыз, Қобда аудандарында мереке қарсаңында тағы 5 білім беру ұйымы ашылған.
Сондай-ақ Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынған 1200 және 2000 оқушыға арналған 2 мектеп есіктерін айқара ашты.
Одан басқа Алматы қаласында 800 орындық №138 мектептің күрделі жөндеуі аяқталды. Ал Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында тағы бір білім беру нысаны ашылды.
Айта кетсек, 2024-2025 оқу жылының басынан бері барлығы 500-ге жуық білім беру ұйымы ашылған.