Алматы • 29 Қазан, 2024

«Медеуде» жаппай сырғанау маусымы қашан басталады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаппай сырғанау маусымы ашылатын күні №12 автобус бағытын «Медеу» биік таулы мұз айдынына дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Медеуде» жаппай сырғанау маусымы қашан басталады

Фото: Қала әкімдігі

Осы және басқа да ақпараттарды таратқан Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қарашада «Медеу» мұз айдыны техникалық режимде іске қосылады. 2 қарашада «Медеу» биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанаудың жаңа маусымының салтанатты ашылуы өтеді.

Алматы спорт ғимараттарының дирекциясы билеттерді www.medeu.kz ресми сайты арқылы сатып алуды және қоғамдық көліктерді пайдалануды ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар