Оқиға • 29 Қазан, 2024

Ақтауда пәтерлерді тазалау сылтауымен тонаған ұрылар ұсталды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда ер адам мен әйел жалған клинингтік қызмет көрсетіп, 8 пәтерді тонап кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда пәтерлерді тазалау сылтауымен тонаған ұрылар ұсталды

Фото: polisia.kz

Күдіктілердің бірі бұрын есірткі сақтап, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы ақтаулық екені анықталды. Ал қолға түскен екінші тұрғын оның 43 жастағы танысы болып шықты.


Жәбірленушілер полицияға шағымданғаннан кейін ұрылар ұсталған. Олардың пәтерлерді тонағаны заттай деректермен дәлелденген.

Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынып, тергеу басталған. Олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.