Мәдениет • 30 Қазан, 2024

Кинотеатрларда архивте сақталған тарихи бейнематериалдар көрсетіліп жатыр

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архивінде сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар негізінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.Тарихи көрсетілім еліміздегі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы – жалпы 24 кинотеатрда, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері кешкі уақытта көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кинотеатрларда архивте сақталған тарихи бейнематериалдар көрсетіліп жатыр

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі

Көрсетілетін бейнероликтер «Қазақстан тарихындағы ең алғашқы фотосурет», «Қазақстан тарихындағы ең алғашқы аудиожазба», «Түрксіб – Шығыс пен Батысты жалғаған жол», «Алматы архитектурасының эволюциясы», «Нейрожелінің көмегімен өмірге келген этнографиялық фотосуреттер» сынды түрлі тақырыптарды қамтиды.

Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен «Cinema Invest Group» ЖШС Кинопаркі арасында аудиовизуалды құжаттарды насихаттау жөніндегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Бұл бастама көрерменнің назарын тарихи материалдарға аудара отырып отандық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыруды көздейді.