Спорт • 30 Қазан, 2024

Жанкүйерлер Ризабек Айтмұқанды қошеметпен қарсы алды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-29 қазан күндері Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде 97 келіде Ризабек Айтмұқан алтын медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.

Жанкүйерлер Ризабек Айтмұқанды қошеметпен қарсы алды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бір айдың ішінде еркін күрестен 2 түрлі санатта қарсылас шақ келтірмеген Ризабек Айтмұқанды жанкүйерлер Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. 

«Әлем чемпионы атану – кез келген спортшының арманы, мақсаты. 20 жасымда үшінші рет жаһандық додада қазақтың көк туын желбіреткеніме қуаныштымын. Өкінішке қарай, Париж Олимпиадасына бару бұйырмады. Бірақ 20 және 23 жасқа дейінгі Әлем чемпионатына барып та, топ жардым. Бұл жерде де өзіндік мықты бәсекелестік бар. Жеңемін деген мақсатым болды. Енді ең биік тұғырдан көріну – мен үшін үлкен қуаныш», деді Ризабек Айтмұқан. 

Айта кетейік, Ризабек қыркүйек айында Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында топ жарса, енді Албания елінен де жеңіспен оралып отыр.