Хромтаудағы Донской тау-кен байыту комбинатында карьерде жол-көлік апатынан екі жұмысшы қаза тапты. Бұл ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.
- Жол-көлік апатынан кәсіпорынның екі қызметкері көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды, – делінген хабарламада.
Компания қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуге уәде берді.