Қоғам • 31 Қазан, 2024

Қазақстанда жыл сайын 12 мың адам аты-жөнін өзгертеді

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әділет министрлігінің ресми өкілі Т.Уәли журналистермен жүздесіп, ведомство атқарып жатқан жұмыстың есебін беріп, қоғам тарапынан жиі қойылатын сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жыл сайын 12 мың адам аты-жөнін өзгертеді

Фото: Владислав Воднев

Жеке куәлікке «тегі», «немересі» сынды қосымшаларды енгізу сынды мәселелер қоғамда жиі талқыланатыны белгілі.  

Министрлік өкілі бұл норма «Неке және отбасы туралы» кодекспен реттелетінін атап өтті. Норма бойынша жеке куәлікте аты-жөні жазылатын бағанға қосымша сөздерді жазуға рұқсат етілмейді. 

«Әділет министрлігі ел азаматтарының аты, тегі, әкесінің атын өзгерту туралы арнайы статистика жүргізбейді. Алайда біздегі мәліметке сәйкес, жыл сайын орта есеппен 12 мың адам аты-жөніне өзгеріс енгізеді. Сонымен бірге «Неке және отбасы туралы» Кодексте жеке тұлғаның тегін «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» және т.б. сөздерді қосып жазуға рұқсат берілмейтіні бекітілген», деді Т.Уәли.