Қоғам • 31 Қазан, 2024

Қазақстанда діни неке заңды деп таныла ма

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қоғам тарапынан жиі қойылатын діни некеге қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда діни неке заңды деп таныла ма

Фото: instagram.com/kitaptar_alemy.kz

Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі.

Сондықтан, Т.Уәли кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылатынын айтты. 

«Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. Ер мен әйелдің заңды некеде тұрмай бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс», деді Т.Уәли.