Фото: ТЖМ
Марқұм құтқарушы Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Қаза тапқан өрт сөндірушінің әкесіне марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады. Жиынға өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері мен туыстары қатысты.
«Президентімізге біздің батырымызды марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Қайрат он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетіп, ерлігімен ерекшеленіп қаншама адам өмірін құтқарды. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады», деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.