Қаржы • 01 Қараша, 2024

Несие мөлшерлемесі өсті

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеке тұлғаларға берілген несие мөлшерлемесі 21,6%-ға өсті. Орташа мөлшерлеме қыркүйектің аяғына дейін 20,2% болған. Бұл туралы Ұлттық банктің «Қазақстанның банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеуі» туралы дерегінде жазылған.

Несие мөлшерлемесі өсті

Сәуірден маусымға дейін теңгедегі несие арзандай түсті. Қыр­күйекте шетел валюта­сын­да­ғы несие жеке тұлғаларға қол­же­тімді болды. Сонда көр­сеткіш 5,4%-дан 4,4%-ға төмендеді. Заңды тұлғаларға қатысты тең­гедегі несие мөлшер­ле­месі өз­гермей, 17,6% деңгейінде қалды.

Халық жеке тұлға банкрот­ты­ғына көбірек жүгіне бастаған. Алайда банкроттыққа берген өтінімнің 75%-ы мақұлданбаған. «Qoldau.kz» платформасының мә­ліметінше, жеке тұлғалардан банкроттыққа 124,5 мың өтініш түскен. Бұл өтініштердегі төлен­бе­ген борыш сомасы – 266 млрд теңге.

Мақұлданбаудың басты себеп­тері – өтініш берушінің атында дү­ние-мүліктің болуы, қарыз мер­зімі мен сомасының банкрот­тық талаптарына сай келмеуі.