Фото: freepik.com
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен оқиға Бәйтерек ауданы аумағында шамамен сағат 08:00-де болғаны хабарланды.
«Орал-Озинки жолының 95-шақырымында жүргізуші «Тойота Гранвия» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып кеткен. Оқиға орнында 58 жастағы жүргізуші мен 1960 жылғы ер адам көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.