Спорт • 01 Қараша, 2024

Қазақстан жүзушілері Сингапурда екі рекорд орнатты

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде отандастарымыз екі ұлттық рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан жүзушілері Сингапурда екі рекорд орнатты

Фото: olympic.kz

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады. 

Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жаңа рекорд орнатты. Оның қорытынды көрсеткіші 01:07.74-ке тең болды. 

Ал Ғалымжан Балабек 400 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Қазақстан рекордын 03:47.52 нәтижесімен жаңартты.

Егор Попов әлем кубогінің финалында 200 метр қашықтықта арқамен жүзуден бесінші болып мәреге жетті.