Қоғам • 03 Қараша, 2024

Ұлты кәріс Влад есімін Болат деп өзгертті

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желідегі парақшасында ол не себепті есімін өзгерткенін баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлты кәріс Влад есімін Болат деп өзгертті

– Мен неге Влад деген есімімді Болат деп өзгерттім? Мен осылай, өткен ғасырдың отызыншы жылдары кәрістерге аман қалуға көмектескен қазақ халқына алғысымды білдіргім келді, – дейді ол азамат.

Влад Мун есімді азамат Болат Мун болып өзгерді. Желіде оның бұл таңдауын көпшілік жақсы қабылдағанымен, «хайп ұстап жүрсің» деп сынағандар да болған.

Алайда ол ешкімге ештеңе дәлелдегісі келмейтінін, бұл өзінің саналы шешімі екенін жеткізген.

Ол желідегі әңгімесінің бірінде Қазақстандағы лагерьге айдалған әйелдерге құрт лақтырып, қиын кезде көмек берген балалардың ерлігін айтады.

- Олар лагерьде орыс па, кәріс пе, неміс пе – кім отырғанын білмеді, жай ғана адамгершілік танытты, - дейді Болат Мун.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025