Елорда • 06 Қараша, 2024

Астанада қатты жел соғады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 6-7 қараша күндері қатты жел соғатынын мәлімдеді. Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті елордалықтарды сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада қатты жел соғады

Фото: gov.kz

Осы күндері оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп болжанып отыр.

Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды:
- Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- Балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;
- Үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- Қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- Қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- Жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Төтенше жағдай болған кезде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.