Аймақтар • 07 Қараша, 2024

Қос ауылдың қуанышы

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауылдың бірнеше елді мекені «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасының игілігін молынан көріп отыр. Биыл бір ғана Құндыкөл ауылында жалпы құны 422 млн теңгеден асатын 3 жоба жүзеге асырылды.

Қос ауылдың қуанышы

Биыл Баянауыл ауданындағы Бірлік, Құндыкөл ауылдары бағ­дарламаға еніп, жергілікті тұр­ғындар жобаның шарапатын сезінді. Аудан әкімі Ардақ Кісен­таевтің айтуынша, Құндыкөл ауылында жалпы құны 422,6 млн теңгеге үш жоба іске асырылды. Ондағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіліп, жақында салтанатты түрде қайта ашылды. Жоба құны – 155,4 млн теңге.

«Ауыл – ел бесігі» шын мәнін­де ауылдарды инфрақұрылым­дық тұрғыдан түлетудің маңыз­д­ы тетігіне айналып отыр. Құн­дыкөлдегі мәдениет үйі тұр­ғын­дарға рухани әрі демалыс орны болмақ. Жергілікті халықтың келелі мәселелері талқыланып, жастар мен ересектер кітап оқып тынығатын жайлы орын пайда болды. Одан бөлек, ауылішілік 3,5 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Асфальт төселген көшелер жарықтанып, ауылдың сәні кірді. 6,3 шақырым көше жарығы орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігі арта түсті. Сондай-ақ, Әлкей Марғұлан атындағы мектепке күрделі жөндеу жасалып, оқушылардың сапалы білім алуына жол ашты», дейді Ардақ Әнуарбекұлы.

Ауылды дамытуға бағытталған бағдарламаның жемісін Бірлік ауылының халқы да көрді. Мұнда жалпы құны 328,4 млн теңгеге екі жоба қолға алынды. Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілсе, ауылішілік 6 шақырым жол орташа жөнделді.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы