Қазақстан • 07 Қараша, 2024

Қазақстанның Сот әкімшілігінің моделі бірегей - IAСА президенті

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) ресми сайтында оның президенті Луис Пальманың Қазақстан Судьяларының IX съезіндегі баяндамасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның Сот әкімшілігінің моделі бірегей - IAСА президенті

Фото: Жоғарғы Сот

2024 жылдың қазан айында  Буэнос-Айрес Ұлттық университетінің профессоры, Гаагадағы (Нидерланды) Сот төрелігі саласындағы халықаралық институттың (IIJE) директоры, доктор Л.Пальма Астанаға келген болатын. Еліміздегі судьялардың бас форумында сөйлеген сөзінде ол Қазақстанның сот реформаларына жоғары баға беріп, Қазақстан соттарының басқа елдерге үлгі болатын жаңаруларының прогрессивті сипатын атап өтті.

Баяндамада келесі негізгі мәселелерге назар аударылады:
1. Қазақстанда сот билігін саяси ықпалдан босатып, соттарды қаржыландырудың бірегей дербес жүйесі енгізілді;
2. Әкімшілік және сот функцияларын ажырататын дербес сот әкімшілігінің моделі құрылды;
3. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (АРПК) және мамандандырылған соттар енгізілді, бұл халықаралық инвесторларды тартады;
4. IT-шешімдері сот процестерін цифрландыру, оларды ашық әрі қолжетімді ету үшін кеңінен қолданылады;
5. Қазақстан сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығына негізделген «болашақ сотын» құру тәсілін көрсете отырып, халықаралық деңгейде маңызды рөл атқарады.
IACA президенті қысқа мерзім ішінде цифрландыру, оқыту, басқару, инфрақұрылым және ынтымақтастық саласындағы өзгерістерді атап өткен.

Еске сала кетсек, Қазақстан басшысы Қ.Тоқаев Астанаға сапары аясында Л.Пальманы қабылдады.

Айта кетсек, IACA-ның негізі 2004 жылы Любляна қаласында (Словения, кеңсесі - Вирджинияда, АҚШ) қаланған, 100-ден астам елдің сарапшыларын біріктіреді, соның ішінде АҚШ, Қытай, Канада, Жапония, Германия, Франция, т.б.
IACA-ға мүше болу (Қазақстан 2015 жылдан бастап IACA мүшесі болып саналады) сот әкімшілігін ұйымдастырудағы озық тәсілдер бойынша тұрақты тәжірибе алмасуға қатысуға мүмкіндік береді.
ҚР Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров IACA вице-президенті болып табылады.

IACA Президенті сөзінің толық мәтінін оқу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://www.iaca.ws/previous-news-updates