Саясат • 08 Қараша, 2024

Астанада Сирия мәселесі бойынша халықаралық кездесу өтеді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-12 қарашада елордада Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Сирия мәселесі бойынша халықаралық кездесу өтеді

Фото: gov.kz

Министрлік мәліметінше, бірінші күні делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өткізіледі. Келесі күні кездесулер жалғасып, олардың қорытындысы бойынша пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы жоспарланған. 

Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесудің күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: 

  • Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы;
  • САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер;
  • Сириядағы «жергілікті» жағдай;
  • Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу;
  • Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.