Төтенше жағдай • 09 Қараша, 2024

Тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды – Қорғаныс министрлігі

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы МИ-8 әскери тікұшағының құлауына байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болды – Қорғаныс министрлігі

«Биылғы 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының МИ-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді», делінген ресми хабарламада.

Өкінішке қарай экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.

«Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі – техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмысқа кірісті. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Ал марқұмның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі.