Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлім етуінше, түнде Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Алтын Адам көшесі бойында бір шатыр жабыны астында орналасқан азық-түлік дүкені және дәріхана жанған.
Ведомство хабарламасында: «Көптеген жанғыш материалдан туындаған ірі өртті мамандар тобы 140 шаршы метр алаңда сөндірді», делінген.
Салдарынан ешкім зардап шекпеген.