Фото: pixabay.com
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған іс-шаралар барысында 1607 есірткі қылмысы анықталған. Оның ішінде 799 сату фактісі, есірткіні заңсыз сақтаудың 194 фактісі, 245 өсіру фактісі.
Заңсыз айналымнан 21,5 тонна есірткі тәркіленген, оның ішінде 1,5 кг-нан астам героин, шамамен 4,5 тонна марихуана, 200 кг-нан астам гашиш, 187 кг синтетика, 16 тоннадан астам каннабис өсімдігі, құрамында есірткі бар өсімдіктердің 180 мың бұтасы анықталған.
«Сонымен қатар операция барысында полиция екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Қарағанды облысында ұйымдасқан топ анықталды. 15 күдікті ұсталды. Олар «мефедронды» Telegram арқылы сатқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Алматыда 5 адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленді. Бұлар да интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Тінту кезінде күдіктілерден 20 кг «мефедрон» және 750 кг прекурсор тәркіленді», деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.