Қаржы • 11 Қараша, 2024

Ұлттық банк 5 000 теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкі 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік және 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген үлгідегі 5000 теңгелік банкноттардың айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын хабарлайды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық банк  5 000 теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

фото: nationalbank.kz

Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпоштада 3 жыл ішінде, ал ҚҰБ филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды.

«Айналымда қатар жүру кезеңінде жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып қалатынын, төлемдер мен аударымдар жасала беретінін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны сақталатынын және қабылдауға жататынын атап өтеміз. Ол банкноталардың барлығы ҚҰБ филиалдарында, Қазпоштада және еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында еш шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады», деп атап өтті Ұлттық банк.

Сондай-ақ Ұлттық банк заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын еске салды.