Оқиға • 12 Қараша, 2024

Маңғыстау облысында қырылған итбалықтар саны 700-ден асып кетті

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізі жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында қырылған итбалықтар саны 700-ден асып кетті

Фото: Азамат Сәрсенбаев

«Толқын жағаға шығарып тастаған теңіз сүтқоректілерінің саны әлі артуы мүмкін», дейді балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері.

Есіңізге салайық, Қазақстанның Қызыл кітабына енген итбалықтардың жаппай қырылу дерегі 24 қазанда Түпқараған ауданы жағажайында тіркелген. Гидробиология және экология институтының мамандары теңіз суы мен итбалық өлекселерінен сынама алды, қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

Облыстық балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің айтуынша теңіз жағасынан табылған итбалық өлекселерінің көбі бүлінгендіктен сынама алуға жарамайды.

24.kz-тің ақпаратынша бақылау шаралары жалғасып жатыр.