Қоғам • 13 Қараша, 2024

Қазақ даласындағы ежелгі өркениет іздері

163 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақ даласы ежелгі мәдениеттің ошағы екенін археологтер дәлелдеп келеді. Атақты археологтер жас шәкірттерімен бірге жаз маусымында күнге күйіп, жауында қалып, кейбір салқын күндері дірдектеп тоңып жүріп, ежелгі мәдениеттің артефактілерін тауып, жер тарихы, ел тарихы туралы адамдардың білігін алға жылжытады.

Қазақ даласындағы ежелгі өркениет іздері

Сондай археолог ға­лым­дардың бірі – Л.Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ-дің директоры, профессор Марал Хабдуллина. Пет­ропавлдың педагогикалық инс­титутын бітірген соң ол КСРО ҒА Археология институтының аспирантурасын аяқтап, көп жыл бойы өзі оқыған ЖОО-да оқытушы болып істейді. Кейін Ә.Марғұлан атындағы Археоло­гия институтында қызмет етіп, ұста­зы К.Ақышевтің жетекшілігі­мен тарих ғылымдарының канди­даты, ғылыми атағын қорғаған. ­ 215 ғылыми еңбектің, соның ішінде ­7 монография мен 5 оқу-әдістемелік құралдың авторы.

КСРО тарап, темір шымылдық түрілген жылдардан бастап ол өзінің сүйікті ісі археологиялық қазба жұмысымен айналысып, көптеген қала, бекініс орындарын ашуға қатысқан. Соның бірі – Шаға­лалы өзені бо­йын­дағы қазір­гі Астана қала­сының маңы­нан табылған Бозоқ қалашығы болса, тағы бірі – Есіл өзені жағасындағы Пет­ропавл қаласының маңынан табылған Ақтау бекінісінің орны. Қола дәуірі, яғни осыдан 2500 жыл бұрынғы бекініс сақтар заманынан қалған белгі. Ақтау аталуының басты себебі – осы маңнан кейін адамдар құрылыс салуға әк, ақбалшықтар алған екен. Тастары да бозғылт, бір замандарда ақ болғанға ұқсайды.

Осы Ақтау бекінісі, оның ал­дындағы Ботай қыстағы, ке­йінгі «Қызыл оба» – Алтын Орда хандарының пантеоны, т.б. Солтүстік Қазақстан жерін ежелден адамдар қоныстанып, мұн­да үлкен өркениет ізі қалғанын дәлелдейді. Кеңес одағы жылдарында мұндай археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салынды. Өйткені ресми идеология қазақ даласын жабайы мекен, бұрын алдындағы малымен бірге көшіп-қонып жүре­тін адамдар ғана қоныстанған, тек орыс саяхатшылары келіп, жорықшылары бекіністер, қала салған деген сияқты насихатты жүргізіп, адамдарға теріс түсінік қалыптастырды. 

Құдайға шүкір, тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақ даласы ежелден белгілі өркениеттің орталығы екені дәлелденіп жатыр. Осы қатарда археологтердің тапқан жаңалықтары орасан зор. Қаншама шетелдік білікті археологиялық экспедициялар да келіп, өздерін көптен күпті қылған сұрақтарға жауап тапты.

Жуырда Қызылжардағы Қожа­берген жырау атындағы №6 қазақ мектебі атақты археолог Марал Хабдуллинаны шақырып, кездесу өткізді. Өйткені осы мектеп­тің оқушылары ғалымның еңбе­гін жалғастырып, оның Петропавл түбіндегі Солнечный шағын ауданынан тапқан «Ақтау» бекі­нісін одан әрі қазып, ғылыми жобаларын іске асырған екен. Жобаның жетекшісі – «Асыл мұра» орталығының ғылыми қыз­меткері, белгілі өлкетанушы Дәстен Баймұқанов. Бұл кездесуге қаланың өлкетанушылары, мектептердің тарих пәндерінің мұғалімдері, жергілікті археолог ғалым Анатолий Плещаков, университеттің тарихшы студент­тері қатысты.

Кездесуді ашқан мектеп директоры Айнагүл Есқалиева оқу­шылардың Ақтау бекінісін қазу жоба­сына белсене кірісіп, көп жұмыс істегенін, тіпті оның ма­ке­тін жасағандарын айтып, зерт­теуші оқушылар арасынан Айым Шештібаева мен Алина Тұяқова баяндама жасады. Оқу­шылар екі жылға жуық бекіністің орнын қазып, көптеген артефакті тап­қанын айтты. Олардың арасын­да ұршықтастар, пышақтың, қан­жардың, қылыштың сынық­тары, жебенің, найзаның ұштары бар. Қазылған жер көлемі 1 700 шаршы метрді құрайды. «Ұр­шықтастар сол кездегі адамдар­дың малдың жүндерін өңдей алғанын көрсетеді. Сонымен бір­ге найзаның ұшын, қылыштың жү­зін қайрайтын арнаулы тастары болған. Тіпті ас-суларын салқын жерде ұстау үшін жертөлелер де қазып алған», деді баяндамашылар.

Табылған артефактілердің бәрі Д.Баймұқановтың басшылығы­мен облыстық өлкетану музейі­нің экспонаттар қорына қосылып­ты. «Біздің мақсат – осы алаңды үстіне құрылыс жүріп кетуден сақтау үшін этноауылға айналдыру. Он­дай ұсынысымызды жергілікті билікке жеткізетін боламыз», деді Дәстен Абылайұлы.

Балалардың да археологиямен айналысуға талабы зор екен. Қазба жұмыстарына қатысқандар жазғы демалыстың тезірек болғанын күтіп жүрген көрінеді.