Теңге • Бүгін, 09:38

Марапаты көп монета

25 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің коллекциялық монеталары қайталанбас дизайнымен ерекшеленеді. Ең қызығы, көркемдік шеберлігі мен жоғары сапасы үшін халықаралық беделді марапаттарға біршама рет ие болған. Олардың қатарында «Coin Constellation», «Coin of the Year», «Iaca excellence in currency awards», «Vicenza Numismatica» және басқа да марапаттар бар.

Марапаты көп монета

Ұлттық банктің инвестициялық монеталары халықтың жеке жинақ қорын құрып, инвестициялауына арналған. Мұндай монеталардың тиражына шектеу қойылмағандықтан, сұранысқа қарай шығарылады. Жалпы, бас банк 3 түрлі инвестициялық монета шығарды:

1) Номиналы 1 000, 2 500, 5 000 және 10 000 теңгелік «Жібек жолы» монеталары;

2) Номиналы 10, 20, 50, 100, 200 және 500 теңгелік «Altyn barys» және номиналы 1, 2, 5, 10 теңгелік «Kumis barys» монеталары;

3) 2023 жылы Ұлттық банк «Altyn barys» және «Kúmis barys» инвестициялық монеталарына ребрендинг жүргізді. 2024 жылғы наурызда осы монеталардың орнына жаңа «Kókbóri» инвестициялық монеталары сатуға шығарылды.

«Altyn barys» және «Kúmis barys» монеталарымен салыстырғанда, «Kókbóri» инвестициялық монеталары алғаш рет «uncirculated» және «proof» сапаларында, екі нұсқада ұсынылды. Барлық монетада 99,99% (999,9 сынама) бағалы металл бар. Күміс монеталардың салмағы 31,1-ден 311 грамға дейін, ал алтын монеталардікі 3,11-ден 155,5 грамға дейін жетеді. Осыған дейін әлемдегі аса маңызға ие әртүрлі тақырып пен оқиғаға арналған біршама коллекциялық монета шықты. Бұл монеталарда еліміздің мәдени мұрасы, табиғи ресурстары, тарихи оқиғалары, көрнекті тұлғалары, флора-фаунасы, сондай-ақ спорттағы жетістіктерін қоса алғандағы ауқымды тақырыптар қамтылған. Жалпы саны 500-ден аса түрлі коллекциялық монета айналымға шықты. Оларға тек еліміздің емес, шетел коллекционерлерінің де қызығушылығы зор, бұл монеталардың сапасы жоғары екенін, тақырыбы өзекті екенін байқатады. 

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше