Фото: gov.kz
Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан жоба әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келетін тұрақты туризм инфрақұрылымын құруға бағытталған.
Жобаның алғашқы кезеңдерінің бірі 2023 жылы қонақтарға есігін айқара ашқан Wyndham Residences Aqkol қонақ үйінің іске қосылуы еді. Аталған қонақүй – экологиялық тұрақтылықтың жоғары стандарттарын ескеретін нысан. Оның құрылысында жасыл дизайн және пассивті құрылыс әдістері, соның ішінде энергияны үнемдейтін технологиялар мен суды сүзу жүйесі пайдаланылды, бұл – энергия тұтынуды айтарлықтай азайтып қана қоймай, қоршаған ортаға әсерді азайтады.
Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі қазірдің өзінде БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі жаһандық бастамасына қатысады, бұл – жобаның халықаралық аренадағы маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстанда алғашқы «жасыл» курортты іске асыру экологиялық таза туризмді дамытуға және елдің «жасыл» экономикаға көшуіне маңызды қадам болады.