Қылмыс • 17 Қараша, 2024

Өгей қызын зорлады деген күдікпен павлодарлық ер адам қамалды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында жыныстық қорлық көрген жасөспірім қыз жергілікті ауруханаға жіберіліп, осы азғындықты жасаған болуы мүмкін деген күдікпен оның өгей әкесін полиция қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өгей қызын зорлады деген күдікпен павлодарлық ер адам қамалды

Оқиға Павлодар облысы, Майқайың ауылында болған. Аталған факті бойынша жергілікті полиция қылмыстық іс қозғады.

«Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген Павлодар облысының полиция департаментінің ақпаратында.

Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Ол сондай-ақ, өзінің талабы бойынша жасөспірімді ауруханаға жіберіп, онымен психологтар жұмыс істейтінін жеткізді.

«Мүмкін зорлық-зомбылық бірнеше рет болған шығар, әрине, балаға көмек пен тексеру қажет. Дәл осы кезеңде мектеп мұғалімі қыздың күйзелісіне назар аударғанын айта аламын. Нәтижесінде бала өз мәселесін ашық айтып берген»,  дейді Сәуле Шәкенева.

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл істі бақылауды жалғастырып, жәбірленушіге қажетті қолдау көрсететінін айтты.

Соңғы жаңалықтар

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02