Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, МТЗ-80 тракторы Volkswagen Passat жеңіл көлігімен соқтығысқан.
- Инерция салдарынан артынша үшінші көлік келіп соқтығысқан. Жол апатының салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлайды полиция.
View this post on Instagram