Фотолар: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасынан ТМД ЭС судьялары Асқар Смайылов пен Нұрлан Сұлтанов қатысты.
Қатысушылар инвестициялық даулар бойынша Экономикалық Соттың құзыретін кеңейту мәселесін талқылады.
ТМД Экономикалық Сотының төрағасы Андрей Плотников Асқар Смайыловтың соттың қызметіне белсенді және жемісті қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталғанын хабарлады.
Сондай-ақ ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов Құрмет грамотасымен, ал Эвелина Нагорная «ТМД Экономикалық Сотының Құрметті қызметкері» атағымен марапатталды.