Видеожазбадан ер адамның қызды бірнеше рет ұрып жерге құлатқаны көрінеді. Сонымен қатар оқиға орнындағы адамдар көмек қолын созуға араласпады. Тек бір ер адам қызды қорғауға тырысты, бірақ нәтижесіз болды.
Зардап шеккен қыз өз парақшасында оқиғаның фото және видео дәлелдерін жариялады. Кадрлардан оның денесінде және бетінде көптеген көгерген іздер бар екені көрінеді.
Жазба авторының айтуынша, камераға түсіп қалған ер адамның оған қол көтерген алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін де ол қызды басқа мекемеде ұрып-соққан.
«Мен бұл мәселелерді ұзақ уақыт бойы тіпті анама да айтқан жоқпын, өйткені мен бәріне шыдадым. Мен ең алдымен оны, оның ата-анасын аяйтынмын. Жаздан бері маған арыз жазу керек екенін айтқан адамдар болды, бірақ мен оны соңына дейін кешіріп, аяп келдім. Мен әрдайым оның анасын ойлайтынмын, ұлының мұндай әрекетін білгенде оған қалай болатынын уайымдайтынмын. Бірақ мұның бәрі өзіме кері әсерін тигізді», деп жазады зардап шегуші.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Патрульдік экипаж бұзақылық әрекеттерді тоқтатты. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Денеге жеңіл жарақат салу дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомство.