Бұл жоба мектеп пен балабақшадағы балалар қауіпсіздігін арттыруға, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің кіру-шығуын бақылауға және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалмауына бағытталған.
Қазір «Alaqan» жүйесі Шымкент қаласы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ, сондай-ақ бірнеше мектеп пен балабақшаға қойылды. Сонымен қатар Ақмола облысындағы 91 мектеп пен Ақтөбе облысындағы 68 мектепті қамтыды. Ал Батыс Қазақстан, Түркістан және Қарағанды облыстарындағы бір білім ордасына қанатқақты жоба ретінде енгізілді.
Алдағы екі жылда Қарағанды облысының 150 мектебіне де осы жүйені орнату жоспарланған. Сондай-ақ «Артспорт» және «Дарабала» жобасы аясында аталған жүйені Көкшетаудың 19 қосымша білім беру нысанына баруды есепке алу үшін сәтті пайдаланылып отыр. Нәтижесінде, биылғы наурыз айынан бастап, бюджет қаржысын үнемдеу 60 миллион теңгеден асқан.
Бүгінгі таңда жүйеде 124 мыңнан аса оқушы мен 10 мыңға жуық мектеп қызметкері тіркелген. Енді жобаны стратегиялық маңызды нысандарға орнату мүмкіндігі қарастырылып отыр.