Оқиға • 19 Қараша, 2024

Бір аптада 49 рет жол ережесін бұзған жүргізуші бір миллион айыппұл арқалады

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі 1 аптада 49 рет жол ережесін бұзып, 1,2 миллион теңге айыппұл арқалаған. Оны Абай облысының полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір аптада  49 рет жол ережесін бұзған жүргізуші бір миллион айыппұл арқалады

Фото: Видеоскрин

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлім етуінше жол ережесін жиі бұзған жүргізуші – «Қорғау» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықталған. Оның көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылған.

«Полиция қызметкерлері жол ережелерін жүйелі түрде бұзу жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. Ережелерді өрескел бұзушыларға қатысты көлікті тәркілеуге дейінгі қатаң шаралар қолданылады», делінген хабарламада.