17 Маусым, 2015

Тағаттылықтың тартымды үлгісі

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
4464 Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға қатысу үшін Астанаға келген ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары кеңсесі арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады. Е. Ыдырысов А.Турс сапа­ры­ның тағатты әрі көпұлтты қоғам қалыптастыру ісіндегі елі­міз­­дің жетістіктері туралы ақпа­ратты «тура деректемеден» алу­дағы және Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары кеңсе­сі­нің жобалық қызметін белсен­ді­лендіруде жаңа мүмкіндіктер ашу­дағы маңыздылығын атап өтті. Сыртқы саясат ведомствосының бас­шысы Қазақстан қаржы дағ­дары­сына сәтті қарсы тұрып, бәсе­кеге қабілетті 50 елдің экономи­калары қатарына енгенін және әлеу­меттік-экономикалық даму­дың ерекше үлгісін қалыптас­тыр­ғанын айрықша атап өтті. «Күш-жігердің нәтижесінде Қазақ­стан­ның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында айқындалған әлем­нің 30 дамыған елдері қатары­на енуді мақсат еткен «Нұрлы Жол» экономикалық бағдарламасын іске қосу жүзеге асты», – деп көрсетті министр. Е.Ыдырысов Қазақстандағы тағаттылық пен сенім ахуалы еліміздің басты брендіне айнал­ға­нын, әлеуметтік-экономикалық дамудағы табыс ең алдымен Қа­зақстандағы ұлтаралық түсіністік пен конфессияаралық келісімнің арқасында іске асып отырғанын және бұл келісімге қолдау көрсету Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы сая­са­тының маңызды басымдығы болып табылатынын атап өтті. Министрдің айтуынша, Қазақ­стан саясатының ерекшелігі оның «тағаттылық» ұғымын «өзгелерге төзімділік таныту» ретінде ғана емес, өзгелерді құрметтеу, өзара тату өмір сүру барысында бір-бірі­нен үйрену, рухани-мәдени баюды қамтитын «тағаттылықтың тартымды үлгісі» ретінде ұсынуында болып отыр. А.Турс елдегі әлеуметтік-эко­но­микалық дамуды одан әрі жалғас­тыру мен жаңарту шараларын, атап айтқанда, бес институттық реформа мен 100 нақты қадамның «Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясындағы іс-қимылын жоғары бағалап, «ұлтаралық қатынастар тұрақтылығы мен достық бүгінгі таңда ЕҚЫҰ үшін аса өзекті мәселеге айналғалы тұрғанын» атап көрсетті. Ол, сонымен қатар, өзара үнқатысуды халықаралық деңгейде нығайту үшін таяуда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің маңыздылығын атап өтті. Сұхбаттастар өзін жақсы жағынан танытқан Қазақстандағы ұлтаралық келісім саясатын одан әрі қолдаудың және осындай шетін мәселеде ЕҚЫҰ-мен тәжірибе алмасуды нығайтудың маңыздылығын көлденең тартты. «Егемен-ақпарат».