Фото: gov.uz
Тиісті қаулыға 2024 жылғы 19 қарашада премьер-министр Абдулла Әріпов қол қойды.
Премьер-министрдің баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятовтың айтуынша, қазіргі үкімет президент жарлығы негізінде жаңа министрлер кабинеті жасақталғанға дейін жұмысын жалғастырады.
«Өзбекстан Республикасының қазіргі Министрлер Кабинетінің қызметі Өзбекстан Республикасының жаңа Министрлер кабинеті құрылғанға дейін жалғасады деп белгіленсін», делінген Шавкат Мирзиёев қол қойған жарлықта.
Жаңа парламент құрылғаннан кейін бір ай ішінде Өзбекстан президенті саяси партиялардың барлық фракциясымен консультациялардан кейін Премьер-министрдің кандидатурасын Заң шығару палатасының қарауына ұсынады.
Кандидат министрлер кабинетінің қысқа және ұзақ мерзімді кезеңге арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынады. Оның кандидатурасы, егер оған Заң шығару палатасы депутаттарының жалпы санының жартысынан астамы дауыс берсе, мақұлданды деп есептеледі.