Қарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғындарын жол бойында жүрген жолбарыстың видеосы алаңдатты. Алайда бұл жалған ақпарат екені анықталды.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзып, жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.
«Жалған ақпарат тарату әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Азаматтарды өз жарияланымдарында жауапкершілікпен қарауға және оны таратпас бұрын ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырамыз», делінген хабарламада.
View this post on Instagram