Фото: Polisia.kz
Polisia.kz-тің ақпаратынша ойын-сауық орындарында кальян өнімдерін тұтынудың 500-ге жуық фактісі анықталып, 25 млн теңге айыппұл салынған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны тұтынғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Кальян шегу фактілерін болдырмау тұрғысында кафе иелерінің өз мекемелерінде шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін қазіргі уақытта ІІМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге пысықтап жатыр.