Денсаулық • 24 Қараша, 2024

Атырау тұрғыны сиырдың өлексесінен Сібір жарасын жұқтырды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою цехында өлген малдан сібір жарасы анықталғаннан кейін карантин енгізілді. Ауру жұқтырған малға қатысы болған 17 адам анықталды. Солардың бірінде дене қызуы көтеріліп, ол ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырау тұрғыны сиырдың өлексесінен Сібір жарасын жұқтырды

Сібір жарасынан өлген сиырға қатысы болған 17 тұрғын карантинге алынды. Олардың бірі 22 қарашада таңертең дене қызуының 37,5-ке көтерілуіне байланысты облыстық №2 ауруханаға жеткізілді.

Басылым мәліметінше, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әльмира Сабырғалиеваның айтуынша, 20 қарашада 17 адам бақылауға алынған.

- Олардың талдау нәтижелері әлі дайын емес. Қызуы көтерілген науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тексеру үшін сынамалар алынды, нәтижелері ертең дайын болады. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды, - деп сендірді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Ветеринарлық зертхана жиналған материалдарға зерттеу жүргізген. Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері жақын арада белгілі болады.

Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Ақтөбеден эпизоотикалық топ келіп, базарларда дезинфекция жұмыстарын жүргізе бастағаны айтылды.