фото: ашық дереккөз
Метеорологтардың мәлімдемесіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанып отыр.
«Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болуы ықтимал», делінген хабарламада.Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с. Ал елдің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.